Сообщения

Сообщения за сентябрь, 2017
Спатифиллум  ( лат.   Spathiphyllum ) –  шаяноттар  тұқымдасының 113 тегінің бірі. Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі [1]  . Біздін елде тек бөлме өсiмдiктерi түрінде өседі. Ол көбінесе  «Әйел бақыты»  деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін. Гүлдерінің түсі ақ, ұзындығы шамамен 7-12 см болады. Гүлінің сыртындағы қаптамасының түсі түріне қарай әртүрлі болып келеді. Гүлдері ұзын сабақ басында орналасады. Сабағының ұзындығы 30 см. Көктемде екі аптадай гүлдейді. Жаздың аяғында екінші мәрте, қыста үшінші рет гүл жарады. Солған гүлдерін түбінен кесіп тастау керек. Гүлдегеннен кейін де спатифиллум үлкен жапырақтарымен әдемі көрінеді

Түймедақ

Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау

Кызгалдак

Қызғалдақ [1]  ( лат.   Tulipa ) –  лалагүлдер  тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін  пиязшықты  өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның  эндемигі  болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. [2]  Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі –  қауашақ . Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы,  Борщов қызғалдағы ,  Грейг қызғалдағы ,  Кауфман қызғалдағы ,  Шренк қызғалдағы , т.б.) қорғауға алынып,  Қазақстанның “Қызыл кітабына”  енгізілген. [3] Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған,  көгалдандыруда  да жиі пайдаланылатын  өсімдік . Ерекше әсем көркімен дараланатын  гүл  болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғ

Раушан

Изображение
Раушангүл тұқымдасы  ( Rosaceae ) — қос жарнақтыларға жататын  бұта ,  ағаш  тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі.  Қазақстанда  36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның  “ Қызыл кітабына ”  енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады.  Жемісі  — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз ( кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды ). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар ( алма, а